Атырау, 6 мамыр 06:06
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Астанада жеке тұрғын үйдегі өрттен бас бала мерт болды

2 497 просмотра


Астанада жеке тұрғын үйдегі өрт салдарынан бес бала қазаға ұшырады деп хабарлады бүгін ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті.

Комитет мәліметі бойынша, өткен түні Астананың Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесіндегі уақытша баспанада өрт шығып, үйдің төбесі жанып ортасына түскен. Өрт суыт хабар түскеннен кейін бір сағатқа жуық уақыт өткенде сөндірілді деп хабарлайды комитет.

Өртке қарсы күрес қызметі өкілдері өрт болған үйдің орнынан қаза болған бес баланы тапқан. Олардың ең үлкені - 2006, ал ең кішісі – 2018 жылы туған. Балалар үйде жалғыз болған деп хабарланды.

Дереккөз: azattyq.org

4 ақпан 2019, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.