Атырау, 23 желтоқсан 13:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Жәнібек Әлімханұлы америкалық боксшыны техникалық нокаутпен жеңді

1 700 рет қаралды


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Техас штатындағы Фриско қаласында өткен бокс кешінде отандасымыз америкалық Стивен Мартинесті (18-4, 13 КО) жеңді.

Бірінші раундтан бастап-ақ қазақстандық боксшының басымдығы байқалды. Қарсыласын сәт сайын қыспаққа алып, шеберлігін байқата білді. Үшінші раундта Жәнібектің бүйірден ұрған соққысынан кейін Стивен Мартинес нокдаун алды. Төреші есеп ашып, 10 секунд ішінде есін жинауын күтті.

Жәнібек төртінші раундта тіпті еркін жұдырықтаса бастады. Жұдырықтасу тәсілін де өзгертіп, қарсыласын ашық шайқасқа шақырды. Шаршы алаңда ойқастап, шоу да көрсетті. Бесінші раундта қазақстандық боксшы шабуылын үдетіп, жеңіске бастар жолды тапты. Стивен Мартинестің бапкерлері ақ орамалды тастап, шәкірті жеңілгенін мойындады. Нәтижесінде отандасымыз техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Негізі жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған болатын.

Дереккөз: Vesti.kz

3 ақпан 2019, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.