Атырау, 11 мамыр 22:31
 бұлттыВ Атырау +15
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

​Қазақстан өңірлерінде баспана қымбаттады

1 390 просмотра


2019 жылы Қазақстанда баспаналардың орташа бағасы өсті. Қаңтарда 13 аймақта баға оң динамика көрсетті. Оның ішінде кейбір көрсеткіштер соңғы 2-3 жылдың аралығында рекордқа жеткен, - деп хабарлайды Krisha.kz

Индекстің айтарлықтай өсуі Шымкент қаласында, бұл қалада 1 квадрат метрдің бағасы 4,1 пайызға өскен, 212 мыңнан 220,8 мың теңгеге. Бұл аймақта оң динамика былтырдың II жартысында болған, бірақ қаңтар айындағыдай көрсеткіш бұрын-соңды болмаған.

Шымкент - 2018 жылы екінші жартысында Қазақстанда пәтер бағасы ең қымбат қалалардың қатарына кірді (Алматы және Астана қалаларынан кейін). 

Алматыда баға индексі қаңтар айында соңғы екі жарым жылдағы көрсеткішті жаңартты: бір шаршы метр 373,5 теңгеге бағаланып тұр (+10 250 теңге), яғни желтоқсан айына қарағанда 2,8 пайызға өскен. Алдыңғы көрсеткіштермен салыстырғанда бұл жаңа бағалар айтарлықтай қымбаттау болып саналады. 

Бағасы түскен жалғыз қала - Ақтау. Өңірде пәтер құны 5,2 пайызға арзандапты. Қазіргі уақытта шаршы метрі 196 мың теңге. Оған қоса Ақтау ең қымбат бес қала қатарынан шығып, алтыншы орынға түсті.

Дереккөз: tengrinews.kz

1 ақпан 2019, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.