Атырау, 11 мамыр 14:36
 ашықВ Атырау +16
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Әскери қызметкерлердің қанша жалақы алатыны белгілі болды

2 551 просмотра


Төмен шенді офицерлер 140-150 мың теңге көлемінде жалақы, сонымен қатар тұрғын үй төлемдерін алады. Қазақстанда азаматтық қызметкерлердің кей санаттарының жалақысы артты.

Ұшқыштар құрамының да еңбекақысы көтерілді, деп хабарлады қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров.

"Бұдан бөлек, 2017 жылдан бастап Жоғарғы бас қолбасшының тапсырмасымен барлық әскери қызметкердің жалақысы 25%-ға көтерілді. Ынталандырушы және басқа үстемақылар 30%-ға дейін артты. Жалақы кезең-кезеңімен ұлғайып келеді. Орта есеппен, менің ойымша, төмен шенді офицерлер 140-150 мың теңге алады", - деп мәлімет берді Талғат Мұхтаров.

Әскерилердің баспана жағдайын жақсарту үшін жаңа модель енгізілді, дейді ол. Былтыр қаңтардан бастап ай сайын әскерилердің екінші деңгейлі банктердегі арнайы жеке шоттарына тұрғын үй төлемдері аударылады, төлем көлеміне әскери қызмет өтілі әсер етпейді.

Екі мыңдай әскери қызметкер баспанаға ие болыпты, ал қырық мыңнан астамы тұрғын үй төлемдерін алған.

Өткен жыл Қазақстанның Қарулы күштері үшін нәтижелі болды, дейді Мұхтаров. Оның сөзіне сүйенсек, құқық бұзушылық саны 9%-ға кеміді.

Дереккөз: sputniknews.kz

31 қаңтар 2019, 17:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.