Атырау, 28 наурыз 23:33
 бұлттыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

​Есірткі жарнамаланған 5 мыңға жуық интернет-ресурс бұғатталды

2 028 просмотра


ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті мен Астана қалалық білім басқармасы «Азат адамдар» қоғамдық қорымен бірлесіп синтетикалық есірткілер және нашақорлық проблемалары жөнінде елордалық мектеп ұстаздарымен кездесу өткізді. Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ведомство ақпаратына қарағанда,бұл кездесу Астананың барлық жалпы білім беру мекемелерін қамтуы тиіс ұзақ мерзімді бағдарламаның бірінші кезеңі саналады. ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаровтың айтуынша, алдын алу бағдарламасында жасөспірімдердің айналасындағы ата-аналар мен ұстаздарға баса назар бөлінген. 

Бағдарлама жасөспірімдер ортасына тән жаңа буындағы синтетикалық есірткілер және «дәріханалық» нашақорлық сияқты екі  проблеманы қамтиды.  

«Азат адам» қоғамдық қорының басшысы Ольга Агапова жасөспірімдер нашақорлығы туралы айтып, психобелсенді заттарды интернет-ресурстары арқылы таратудың жаңа тәсілдері, белгілері және оларды тұтынудың салдары туралы ата-аналарға арналған дәріспен таныстырды. 

Айта кетейік,  2018 жылы ІІМ бастамасымен Ақпарат және коммуникациялар министрлігі есірткі және психотропты заттар жарнамаланған және таратылған 5 мыңға жуық интернет-ресурсын бұғаттады. Есірткі таратын мессенджерлердің электрондық мекенжайлары жазылған  2,5 мыңнан астам граффити - жазба анықталып, жойылды. Оларды жазғаны үшін 12  адам  әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Дереккөз: inform.kz

31 қаңтар 2019, 15:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.