Атырау, 24 сәуір 01:36
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Қазақстаннан Жапонияға қатынайтын ұшақтар қай қалаларға апарады

1 735 просмотра


Қазақстаннан Жапонияға тікелей рейсті биыл ашу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Қазақстан мен Жапония арасында тұрақты әуе қатынасын ұйымдастыру үшін қажетті құқықтық негіздемелерді Азаматтық авиация комитеті 2016 жылы қалыптастырған. Бұл Қазақстан мен Жапония әуе компанияларына әр тараптан еш шектеусіз аптасына 14 рет тұрақты рейс орындауға құқық береді», - делінген комитеттің хабарламасында. 

Комитеттен хабарланғандай, қазақстандық әуе тасымалдаушылары үшін жету пункті - Токио, Осака, Нагоя қалалары болса, жапондық әуе компаниялары үшін Астана, Алматы және Қарағанды қалалары болмақ. 

«Айта кету керек, бұрын елдер арасында Қазақстаннан Токиоға ұшатын ешқандай құқықтық негіз болған жоқ. Қазіргі уақытта әуе компанияларымен бірігіп, Жапонияға тікелей рейс ашу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», - делінген комитеттің хабарламасында. 

Еске сала кетсек, бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбекке Америка Құрама Штаттары мен Жапонияға тікелей әуе рейсін ашу мәселесі биыл шешілуі керектігін тапсырған болатын.

Дереккөз: inform.kz

30 қаңтар 2019, 17:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.