Атырау, 23 желтоқсан 13:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Назарбаев: Банкроттық тәртібін жеңілдету керек

2 383 рет қаралды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке банкроттық жариялау тәртібін жеңілдетуді тапсырды. Астанада өткен үкіметтің кеңейтілген жиынында Назарбаев соңғы үш жылда банкроттық шегіне жеткен кәсіпрорындар саны екі есеге жуық ұлғайғанын, шағын бизнестің қарызға белшеден батқанын айтты. Президенттің сөзінше, қазір шағын бизнестің банктерге берешегі 4 триллион теңгеге жеткен.

"Несие алады да, оны қайтаратын кезде қосымша несие сұрайды. Қолдау көрсету керек, бірақ ол қолдау қайтарымды болуы керек" деді Назарбаев.

Президент банкрот болған бизнестен айықпай, экономика да, банк саласы да дамымайтынын айтты.

"Нарықтық қатынастардағы елдерде банкроттық институты кең тараған және өте тиімді. Бүкіл әлемде ол шаруашылық айналымынан төлем қабылеті жоқ кәсіпорынды шығарып тастау үшін қолданылады. Бір кәсіпорын экономикалық тұрғыдан дәрменсіз болса, ол басқа субъектінің қаржылық жағдайына әсер етеді" деді Назарбаев.

Дереккөз: azattyq.org

30 қаңтар 2019, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.