Атырау, 11 мамыр 13:06
 ашықВ Атырау +16
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

​Үкімет: «7-20-25» үлгісімен отандық көліктер несиеге беріле бастайды

5 406 просмотра


Ұлттық банк Қазақстан азаматтары отандық көлік сатып алатындай жедел түрде бағдарлама әзірлеп, несие беруге дайын. Бұл туралы Президенттің төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Өткен жылы «7-20-25» бағдарламасын іске қосқан едік. Ендігі кезекте, несие беру ауқымын кеңейтуді жоспарлап отырмыз. 2019 жылы Ұлттық банк Қазақстан азаматтары отандық көлікті сатып ала алатындай жедел түрде бағдарлама әзірлеп, несие беруге дайын отыр. Бағдарлама нарықтың қағидаттарына сай түзіледі. Банктер арқылы «7-20-25» бағдарламасының үлгісіне сүйене отырып жұмыс жүргізу жоспарлануда», - деді Данияр Ақышев.

Ұлттық банк төрағасы көлік құрастыру саласы құрылыс саласы секілді жоғары технологиялық, экономикаға мультипликативтік қайтарымы бар, капиталы ауқымды сала екенін жеткізді. 

«Аталған бастама импортты алмастыруға серпін беріп, импорттық тауарлардың жағымсыз сипатта өсуін тоқтатады», - деді ол. 

Өз кезегінде Президент бұл жұмыс автомобиль өнеркәсібіне оң әсерін тигізетінін атап өтіп, бұл бастамаға қолдау білдіретінін айтты.

«Бұл жұмысты егжей-тегжейлі Үкіметпен талқылауға дайынбыз», - деп түйді сөзін Ұлттық банк төрағасы. 

Еске сала кетсек, Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтіп жатыр.  

Дереккөз: inform.kz

30 қаңтар 2019, 12:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.