Атырау, 23 желтоқсан 20:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Әлемнің ең қауіпсіз елдері: Қазақстан Ресей мен АҚШ-тан озып кетті

2 297 рет қаралды


Қазақстан өзге ТМД елдерінен озып, рейтингте 44-ші орын алды. Қазақстан әлемнің ең қауіпсіз елдері рейтингісінде Балтық теңізі жағалауындағы мемлекеттерден кейін 44-ші орын иеленді.

128 елден тұратын рейтингті Global Finance журналы құрастырып, жариялаған.

Қауіпсіздік деңгейі әскери қақтығыстар, табиғи және техногенді апаттар ықтималдығы бойынша есептелген. Сонымен қатар азаматтарға төнетін қауіп деңгейі мен экономикалық даму дәрежесі де ескерілді.

Рейтингтің бастапқы 20 елі Еуропа құрлығында орналасса да, кей мемлекеттер мүлдем басқа материктерде — Азия, Австралия, Солтүстік Америка.

Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағы құрамында болған елдер қатарында Эстония (17), Латвия (24) және Литвадан (25) кейін 44-ші орында тұр.

Ал әлемдегі ең қауіпсіз мемлекет – Исландия, онымен бірге үздік үштікке кіргендер – Швейцария мен Финляндия.

Молдова 46-шы орында, Армения — 62-ші, Тәжікстан — 68-ші, Әзербайжан —71-ші, Қырғызстан — 89-шы, Ресей — 108-ші, Украина — 116-шы.

АҚШ 65-ші орынға табан тіреді, себебі бұл елде қылмыс деңгейі мен табиғи апаттар ықтималдығы жоғары.

Ал ең қауіпті елдер — Гватемала, Йемен және Филиппин.

Дереккөз: sputniknews.kz

30 қаңтар 2019, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.