Сирия мен Иран ұзақмерзімді экономикалық ынтымақтастық құруға бел буды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сирия премьер-министрі Имад Хамис пен Иранның бірінші вице-президенті Эсхак Джахангиримен кездесіп, екі елдің мемлекетаралық кеңесінің 14-і отырысында тиісті құжаттарға қол қойды. Атап айтқанда, 9 меморандумға, оның ішінде лаңкестікті қаржыландырумен күресу бойынша, сонымен қатар қаржының ізін жасыру туралы келісім мақұлданды.
Теміржол, тұрғын үй құрылысы мен мәдениет және білім беру салалары да назардан тыс қалмады. Имад Хамис, Сирия Премьер-министрі: - Бұл тарихи сәт болды. Екі ел арасындағы ұзақмерзімді экономикалық ынтымақтастық - өнеркәсіп, ауылшаруашылық , мұнай мен энергетика, сонымен қатар инфрақұрылым салаларын да қамтыды.
Дереккөз: 24.kz