Брексит қарсыластары Солтүстік Ирландия мен Ирландия Республикасы арасындағы Карриккарнан шағын қалашығында ереуілге шықты.
Жиналған жұрт аймақта бақылау-өткізу бекетінің макетін қойып, бетоннан уақытша қабырға тұрғызды. Кеден қызметкерінің киімін киген ереуілшілер жолда көліктерді тоқтатып, тексеріс жүргізген. Осылайша халық қатаң брекситтің бір көрінісін көрсетпек болған. Мәселен, дәл осындай жағдай 1998 жылға дейін жалғасқан екен.
Ал шиеленіскен жағдайды реттеу мақсатында Белфаст келісімі жүзеге асып, екі ел арасындағы текетірес тоқтаған болатын. Бүгінде күнара 30 мыңға жуық адам еш кедергісіз шекара асып отырады.
Наразылық шараның қатысушылары аймақта дәл осындай биік дауалдың тұрғызылуына қарсылығын білдіруде. Жергілікті халық: «Ұлыбритания келісімсіз Еуроодақтан шығатын болса, аймақ тыныштығы бұзылуы мүмкін», – деп алаңдаушылық білдіріп отыр.
Дереккөз: 24.kz