Атырау, 28 қараша 21:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Пашинян Арменияның Еуразиялық экономикалық одақтан шығуына қарсы

1 879 просмотра


Никол Пашинян Арменияның Еуразиялық экономикалық одақтан шығуына қарсы. Ресей астанасы Мәскеу қаласындағы Еуразиялық экономикалық комиссия штаб пәтерінде өткен баспасөз мәслихатында Армения премьер-министрі Никол Пашинян журанлистер сұрағына жауап берді. 

Онда ол БАҚ өкілдерінің: «Сіз бұған дейін Еуразиялық экономикалық одаққа кіру қателік деп есептедіңіз. Бұл алдағы уақытта аталмыш шешімге қарама-қарсы қадамдар жасалады деген сөз емес пе?» - деген сұрағына: «АҚШ президенті Барак Обама өз заманында Буштың Иракқа әскер кіргізуі қателік деп есептеді және осы қателікті түзеу үшін әскерін кері шығарды. Дәл осы қарама-қарсы қадамның салдарынан «Ислам мемлекеті» пайда болды. Бүгінгі Армения Еуразиялық экономикалық одақ мүшесі. Менің ойымша, халықаралық саясатта дәл қазір басқа бағытқа бұрылу жақсылыққа апармайды» - деп мәлімдеді. 

Дереккөз: "The Qazaq Times"

28 қаңтар 2019, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.