Атырау, 19 желтоқсан 10:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Тәртіп сақшылары бір-бірімен атысып, он адам көз жұмды

3 834 рет қаралды


Мексиканың оңтүстігіндегі Герреро штатында жергілікті күштік құрылымдар арасында қарулы қақтығыс болып, он адам қаза тапты, деп хабарлады Digital Guerrero.

Қанды оқиға жексенбі күні Параисо-де-Тепила елді-мекеніне барар жолда орын алған. Жергілікті полициямыз деп атайтын екі тарап арасында аталған ауданның қауіпсіздігін кім қамтамасыз ететіні жайында дау туындап, арты қарулы қақтығысқа ұласқан. 

Билік өкілі Альварес Эредианың айтуынша, құқыққорғаушылар оқиға болған жерге келгенде көлік ішінде денесіне көптеген оқ тиген он адамның өлі денесін тапқан.

Штаттың прокуратурасы оқиға бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, кінәлілер іздестірілуде.

Дереккөз: baq.kz

28 қаңтар 2019, 14:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.