Атырау, 23 желтоқсан 15:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Қазақстандықтар салық қарызы туралы SMS-хабарлама алады

1 888 рет қаралды


Қазақстанда жыл соңына дейін салық қарызы туралы SMS-хабарлама тарату жүйесі іске қосылады. Бұл туралы қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

"Салық қарызы туралы SMS-хабарлама тарату жүйесін жыл соңына дейін енгізуді жоспарлап отырмыз. Бірақ, бұл азаматтардың дер уақытында салық төлейтіні туралы кепілдік бермейді", - деді ведомство басшысы Мәжілісте үкімет сағатында.

Әлихан Смайылов шекара асып бара жатқан тұлғалар үшін салықты сол жерде (әуежайда) төлеу мүмкіндігі пайда болғанын айтты.  

"Төлем жасалғаны туралы мәлімет әп-сәтте келеді. Үкіметтің электронды шлюз арқылы банктермен тікелей жұмыс істейміз. Бұл төлемінің жаслағаны туралы мәліметті бір, екі минутта көруге мүмкіндік береді. Сол себепті, шекарадн асу кезінде мұндай мәселелер туындамайды", - деді министр депутаттарға.

Дереккөз: tengrinews.kz

28 қаңтар 2019, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.