AZATTYQ.ORG. «ЛА-155/4 түрмесінен хабарласып тұрмын...» - Алматы облысы Жауғашты ауылындағы колонияда отырған үш әйел Азаттықтың редакциясына хабарласып, құқықтарының бұзылып жатқанын айтты. Түрмедегі жағдайды адам төзгісіз деп сипаттаған олар журналистермен сөйлескені үшін мекеме басшылығының қысымына ұшырауы мүмкін екендерін хабарлады. Түрме басшылығы қамаудағылардың бұлай уайымдауы «негізсіз» дейді.
«"Отанын сатты" деп айыпталған Януковичке сот үкімі шықты» - Киевтің Оболонский соты Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичті "мемлекетке сатқындық жасады және басқыншылық соғыс ашуға көмектесті" деп айыптап, жаза кесті.
«Қарағанды облысында синтетикалық есірткімен кім қалай күресіп жүр?» - Қарағанды облысында "синтетикалық есірткі саудасы өршіді" деп жергілікті белсенділер дабыл қағады. Жағдайға алаңдаған қоғамдық ұйым өкілдері "шұғыл желі" ұйымдастырып, тұрғындардан күмәнді жайттар жайлы хабарлауын сұрайды.
QAZAQTIMES.COM. «Қазақстандағы ішкі көші-қон мәселелерінің артуына не себеп?» - Әлемдегі өзге де мемлекеттер үшін дамудың ең маңызды проблемаларының бірі – ішкі көші-қон мәселесі. Сырттан халық ағылған сайын, елдегі тұрақтылық пен дамуға қауіп-қатерлер туындайды. Соңғы жылдары Қазақстанда ішкі миграциялық мәселер жиі орын алды. Астанадағы «Абу Даби плазадағы» үндістандықтармен немесе Қарағандыдағы «Ежелгі Римде» армян өкілдерімен орын алған жағдайлар сөзімізге дәлел. Осы ретте әлемдік миграциялық жағдайлар мен Қазақстандағы мәселелерге тоқталып өткенді жөн көрдік.
«Мәскеу маңындағы дау: Ресей Конституциясын өзгерту кімге және не үшін қажет?» - Мәскеу маңында Ата Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізуге байланысты дау толастар емес. Жақында Мемлекеттік Дума төрағасы Вячеслав Володин парламенттің төменгі палата мандатын кеңейтуге мүмкіндік беретін Конституциялық өзгерістер жөніндегі бастамаларға қайтып оралды.
DALANEWS.KZ. «Батыс елдері балаға қанша жәрдемақы төлейді?» - Атышулы министр Мәдина Әбілқасымова бізде «миллионер» аналардың бар екенін айтқан. «Көп балалы аналар Үкіметтен бірнеше миллион теңге жәрдемақы алады…» деген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. «Бізден басқа бірде-бір елде мұндай үрдіс жоқ…» – деп тұздықтағаны тағы бар.Шынымен солай ма өзі? Бізден өзге елдердің барлығы ана мен бала тағдырына бейжай қарайды дегенді білдіре ме, бұл?
INFORMBURO.KZ. «Екі әйелдің алауыздығынан бауырымнан айырылдым» - "Екі әйелден туылған бала – екі рулы ел"деген бүгінгі қоғамға келе ме? Екі әйел алуды заңдастыру мифке айналды.
«2019 жылы декреттік төлемдер мен жәрдемақылар көлемі қалай өзгереді?» -Жәрдемақының әлеуметтік төлемдерден айырмашылығы – қаржыландыру көзінде. Біріншісі –бюджеттен, екіншісі – мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді.