Атырау, 21 мамыр 02:44
 ашықВ Атырау +19
$ 443.72
€ 482.28
₽ 4.90

"Орта жүзден" Нью-Йоркте тұратын америкалық қазақтың күйеу баласымен деп мақтанды

Бейнежазба
1 885 просмотра

Қазақстанға барған кезде Стив үнемі қазақ тіліндегі әдебиеттер мен газет-журналдарды сатып алып жүреді. Нью-Йоркте тұратын америкалық Стив Росси Қазақстанның салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын ерекше ұнатады екен. Бірнеше жылдан бері қазақ халқы туралы деректерді іздеп тауып, оқып жүрген көрінеді.

Стив Росси Нью-Йоркте туып-өскен, спортқа құмар. Бокс бапкері болып жұмыс істейтін ол бос уақытында Қазақстан тарихын зерттейді, деп хабарлайды Хабар 24. 

Жұбайының есімі – Диана, Орта жүзден екен. 

"Менің әйелім – Орта жүзден. Кітаптан Орта жүз туралы оқыдым. Әсiресе, Абылай хан туралы", — дейді Нью-Йорк тұрғыны. 

Сондай-ақ Стив Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы кино көргенін, онымен кездескісі келетінін айтты. 

Қазақстанға барған кезде Стив үнемі қазақ тіліндегі әдебиеттер мен газет-журналдарды сатып алып жүреді. Нью-Йоркке оралғанда, бос уақытында, әдетте жұмысқа барып қайтқанда, метрода оқиды. 

"Мен қазақтың күйеу баласымын. Бiр ұлым бар, 10 жас 5 айда, аты Тимур. Нью-Йоркте тусам да, Қазақстан мәдениеті жүрегімде тұрады. Қазақ адамдары өте жақсы", — дейді Стив. 

Америкалық жігіт Қазақстанда екі рет болыпты. 

"Қазақтың тағамдары өте дәмді, әсіресе маған ет, палау, қуырдақ, қымыз, шұбат ұнайды", — деп ағынан жарылды Нью-Йорк тұрғыны. 

Стив Қазақстан жаңалықтарын мұқият бақылап, еліміздің жетістіктеріне шын жүректен қуанады. Ол болашақта Қазақстанның қарқынды дами беретініне сенімді.


Дереккөз: sputniknews.kz

25 қаңтар 2019, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.