Атырау, 19 сәуір 15:25
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Түркістанда энергия үнемдеуіш шамдар шығаратын зауыттың іргетасы қаланды

1 659 просмотра


Зауыттың өнімдері Қазақстанда ғана пайдаланылып қоймай, сондай-ақ көршілес мемлекеттерге де экспортталады. Бүгін Түркістан қаласындағы индустриалды аймақта жарықшамдар шығаратын зауыттың капсуласы салынды, деп хабарланды облыстық әкімдіктің ресми сайтында.

Салтанатты іс-шараға Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Қытайдың "Tai-Tur Energy" ЖШС-ның директоры Чэнь Хуей және "Source Energy" компаниясының бақылаушылар кеңесінің жетекшісі Оралбек Ботбай қатысты.

Бұған дейін қытайлық инвесторды облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қабылдап, сол кездесуде екіжақты меморандумға қол қойылған болатын. Жиында өңір басшысы Түркістан облысында инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанына тоқталды. Өндірісті дамытуға, жұмыссыздықты азайтуға бағытталған жобаларды бірлесіп атқаруға дайын екенін жеткізді.

"Түркістан — еліміздегі тұрғындар саны көп облыстардың бірі. Мұнда кәсіпкерлікті, өндірісті дамытуға зор мүмкіндік бар. Жұмыс күші де, инвесторларға арналған қолдау да жеткілікті. Индустриалды аймақтан арнайы 5 гектар жер беріліп отыр. Зауыттың құрылысы уақтылы әрі сапалы жүргізілуі тиіс", - деді облыс әкімі.

"Tai-Tur Energy" — Қытай Халық Республикасындағы ең беделді компаниялардың бірі. Бұл компанияның диодты әрі электрүнемдегіш жарықшамдары Қытайдың ірі қалаларында қолданысқа енгізілген. Көшелер мен ірі магистральдарды және алып ғимараттарды жарықтандыру ісінде үлкен жетістікке жеткен. Жобалары да ауқымды. Аталған компания елімізде бірінші рет Түркістан облысына инвестиция салуға қол жеткізіп отыр. Инвестицияның құны — 200 млн АҚШ доллары.

Түркістандағы индустриалды аймақта іргетасы қаланған компанияның құрылысы 3 жылда аяқталады деп күтілуде. Осы арқылы бастапқыда 700 адам жұмыспен қамтылмақ. Сұраныс пен өндіріс қуаттылығына сай жұмысшылар саны артуы мүмкін. Зауыттың өнімдері Қазақстанда ғана пайдаланылып қоймай, сондай-ақ көршілес мемлекеттерге де экспортталады.

Дереккөз: bnews.kz

24 қаңтар 2019, 14:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.