Атырау, 23 желтоқсан 20:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Банктерге кейбір комиссия түрін алуға тыйым салынды

2 120 рет қаралды


21 қаңтарда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

Осы заң аясында банктердің қос комиссиялар алуына тыйым салуды белгілейтін "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Заңына өзгертулер енгізілді. Яғни банктік есепшотты жүргізгені үшін және осындай шотты ашқан кезде қарыз бергені үшін комиссия алуға тыйым салынды. 

Осы түзетулер заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай өткен соң күшіне енеді. Қазіргі уақытта Ұлттық банк басқармасының қаулысына сәйкес, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде есепке алынатын 56 пайыздан аспайтын банктік қарыз беруге және қызмет көрсетуге байланысты комиссиялардың 11 түрі қарастырылып жатыр. 

Дереккөз: tengrinews.kz

24 қаңтар 2019, 14:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.