Атырау, 20 мамыр 22:48
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Қазақстанда 26 қаңтардан бастап үш бірдей тас жол ақылы болады

2 265 просмотра


Қазақстанда 26 қаңтардан бастап үш бірдей тас жол ақылы болады. 

«ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 қаңтардан бастап Астана-Теміртау (134 шақырым), Алматы-Қапшағай (42 шақырым) және Алматы-Қорғас (295 шақырым) бағытындағы тас жолдар ақылы болады. Жол құны 100 теңгеден бастап, 600 теңгеге дейін. Ал тас жолға жақын маңда орналасқан елді мекен тұрғындары үшін жылдық абонемент 1000 теңге. 

Бірақ абонементті автокөліктері сол елді мекен аумағында тіркелген азаматтар ғана ала алады. Жолақысын өткізу бекеттері мен PayWay.kz сервисі мен ұялы телефон арқылы төлеуге болады. Егер жол ақысы мобильді қосымша арқылы алдын ала төленетін болса, жеңіл автокөліктер үшін екі есеге арзандайды. 

Дереккөз: "The Qazaq Times"

24 қаңтар 2019, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.