Атырау, 29 қараша 00:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

АҚШ конгрессі елді НАТО-дан шығаруға қарсы заң жобасын қолдады

1 565 просмотра


АҚШ конгрессінің өкілдер палатасы елдің НАТО-дан шығуына мүмкіндік бермейтін заң жобасын қабылдады. Заң жобасын көпшілігі демократтардан құралған өкілдер палатасының 357 мүшесі қолдады. Республикашыл 22 конгрессмен қарсы дауыс берді. Құжат енді республикашылдар көпшілік орынды иеленген сенат қарауына түсті.

Дауыс беру қарсаңында өткен баспасөз мәслихатында демократ конгрессмендер баспасөзде президент Дональд Трамптың АҚШ-ты НАТО құрамынан шығару ниеті бары жариялана бастағанына алаңдаған. Трамп көпшілік алдында АҚШ-тың НАТО-дағы серіктерін қорғанысқа аз қаржы бөледі деп талай рет сынаған. НАТО-ны 70 жыл бұрын АҚШ, Канада және олардың Еуропадағы одақтастары СССР-ге қарсы тұру үшін құрған.

New York Times басылымы өткен аптада АҚШ үкіметіндегі дереккөзіне сілтеме жасап, 2018 жылы Трамп жеке кездесулерінде АҚШ-ты НАТО құрамынан шығарғысы келетіні туралы бірнеше рет айтқанын хабарлаған.

Басылымдағы ақпараттан соң республикашылдар мен демократтар дайындаған заң жобасы АҚШ сенатына қайта ұсынылды. Құжат президенттің елді НАТО құрамынан сенаттың келісімінсіз шығаруына тыйым салады.

Дереккөз: azattyq.org

23 қаңтар 2019, 14:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.