Атырау, 20 мамыр 23:20
 ашықВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Елбасы үкіметке олигархтармен бірлесіп арнайы қор құруды тапсырды

1 493 просмотра


Бүгін Астанадағы "Нұр Әлем" павильонында президент жастар жылын ресми түрде ашты. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке олигархтармен бірлесіп жастардың бастамаларын қолдайтын арнайы қор құруды тапсырды, деп хабарлайды тілшісі. 

"Үкіметке бизнес компаниялармен, олигархтармен, ұлттық компаниялармен бірлесіп, жастардың стартаптарын қолдаудың арнайы қорын құруды тапсырамын", — деді президент Жастар жылының салтанатты ашылуы рәсімінде.  

Сондай-ақ, ол бастамаларды жүзеге асыруға жастардың қатысуын қадағалау керек екенін айтты. 

Айта кетсек, бүгін Астанадағы "Нұр Әлем" павильонында президент жастар жылын ресми түрде ашты. 

Шараға "100 жаңа есім" байқауының жеңімпаздары, "Болашақ" бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар, студенттер мен жұмысшы жастар, жас спортшылар, дарынды балалар, танымал блогерлер мен вайнерлер, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектер, ерекше қажеттілігі бар жастар, жас әскери қызметшілер қатысты. 

Қонақтар арасында қазақстандық әнші Димаш Құдайберген, Әміре, Қуандық Рахым, шахматшы Жансая Әбдімәлік, актриса Құралай Анарбекова, актер Асылхан Төлепов те болды.

Дереккөз: sputniknews.kz

23 қаңтар 2019, 14:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.