Атырау, 20 мамыр 23:45
 ашықВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Перуашев Қазақстан атауын өзгертуді ұсынды

1 752 просмотра


Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстан атауын өзгертуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Депутаттық сауал елдің премьер-министріне жолданған. Перуашев 2020 жылы Қазақстан Республикасының КСРО құрамында қалыптасуына 100 жыл толатынын ескертіп, осы шараны лайықты деңгейде атап өтуге шақырды. 

"(...) Қазақстан атауын қолдану барысында елімізге ресми түрде Қазақ Республикасы атауы берілуі мәселесіне қайта оралуды ұсынамыз. Бұл бастаманы Нұрсұлтан Назарбаев бес жыл бұрын көтерген еді. Елбасының ұсынысын практикалық түрде жүзеге асыруға уақыт келді деп санаймыз. Әр затты өз атауымен атаған жөн, қараны - қара, ақты - ақ, қазақты - қазақ. 

Республикаға ежелден келе жатқан "Қазақ" атауын беру (мұны тоталитарлық билік те қолдаған) тарихи әділдікті орнатып, отандастарымыздың бірігуі мен достық қарым-қатынасты қалыптастыруға жаңа импульс береді", - деді Азат Перуашев.  

Кулуарда ол "Қазақ Республикасы" атауын сақталып қалған "Қазақстан" орнына қолдану керектігін айтты. 

Дереккөз: tengrinews.kz

23 қаңтар 2019, 12:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.