Атырау, 27 сәуір 08:41
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​Еңбекке жарамсыздық парағын мобильді қосымшамен тексеруге болады

1 473 просмотра


Астаналық жұмыс берушілер «Smart Astana» мобильді қосымшасымен еңбекке жарамсыздық парағының түпнұсқалығын тексере алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Арнайы QR-код арқылы еңбекке жарамсыздық парағын қашан және кім бергенін анықтауға болады. 

«Жұмыс берушілер еңбекке жарамсыздық туралы медициналық анықтамалардың интернетте еркін сатылатынын айтып, шағымданған еді. Бұл мәселені құқық қорғау органдары мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі деңгейінде де көтергенбіз. Енді «Астана-адалдық алаңы» жобасымен «Смарт Астана» мобильді қосымшасында медициналық ұйымдар берген анықтаманың шынайылығын тексеретін ақпараттық қызмет жасауды жоспарлап отырмыз», - деді Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында өткен брифингте. 

Басқарма басшысы елордада алдағы уақытта қағаз анықтамаларын беру түбегейлі жойылатынын атап өтті.

Дереккөз: inform.kz

22 қаңтар 2019, 15:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.