Атырау, 23 сәуір 21:06
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Енді зейнетақы жинағын SMS арқылы тексеруге болады

2 184 просмотра


Телефон нөмірі mGov мобильді базасына тіркелген болуы тиіс. 25 қаңтардан бастап бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары қорда қанша ақшасы бар екенін eGov.kz сайтынан бір реттік SMS құпия сөздің көмегімен біле алады, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.

Осы уақытқа дейін бұл қызмет түрін электронды цифрлық қолтаңбамен ғана пайдалануға болатын еді.

"Салымшы сұратым жібергеннен кейін азаматтардың mGov мобильді базасында тіркелген нөміріне құпия сөз жазылған SMS келеді", — деді зейнетақы қорының баспасөз қызметіндегілер.

Бұдан өзге зейнетақы салымдары туралы ақпаратты БЖЗҚ кеңсесіне барып немесе жазбаша өтініш өткізгеннен кейін, БЖЗҚ-да тіркелген электронды пошта арқылы, сондай-ақ, электронды цифрлық қолтаңбаның көмегімен БЖЗҚ порталындағы жеке кабинет немесе eGov.kz электронды үкімет сайтындағы жеке кабинет арқылы алуға болады.

Дереккөз: sputniknews.kz

21 қаңтар 2019, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.