Атырау, 23 желтоқсан 20:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Ақордада Қазақстан мен Зимбабве Президенттері кездесу өткізуде

1 985 рет қаралды


Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Зимбабве Президенті Эммерсон Мнангагва шағын құрамда келіссөз өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қазақстанға ресми сапармен алғаш рет келген мәртебелі мейманды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақорданың ішінде ізетпен қарсы алды. Осыдан кейін Қазақстан Президенті зимбабвелік әріптесін еліміздің Үкімет мүшелерімен, ал Эммерсон Мнангагва делегация құрамымен таныстырды.

Келесі кезекте екі елдің мемлекеттік әнұраны орындалды. Қазіргі уақытта Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Зимбабве Президенті Эммерсон Мнангагваның шағын құрамдағы келіссөзі жабық есік жағдайында өтіп жатыр.

Дереккөз: inform.kz

21 қаңтар 2019, 14:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.