Атырау, 23 желтоқсан 20:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Заңсыз такси жүргізушілері көлігінен айырылуы мүмкін

2 373 рет қаралды


Алматыда заңсыз адам тасымалдайтын таксишілер салық төлемегені үшін көлігінен айырылып қалуы мүмкін. Қазір құқық қорғау органдары алматылық таксишілердің салықтық органдарда тіркелуін тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Медеу аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының хабарлауынша, жергілікті полиция қызметі 1 күн ішінде салық органдарында тіркелмей, жолаушы тасып жүрген 17 жүргізушіні тапты. Барлық жүргізушілерге 10 күн ішінде өз еркімен жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге отыруға рұқсат берілді. 

Бұлай болмаған жағдайда іс материалдары сотқа жіберіліп, жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. ҚР ӘқбК 463-бабына сәйкес салықтық органда тіркелмей, жеке кәсіпкерлікпен айналысқан тұлғаларға 14 АЕК (37 875 теңге) айыппұл салынып, мүлкі тәркіленуі мүмкін. Салық органдарына тіркелу үшін азаматтар жеке куәлігімен ХҚКО-ға баруы керек. Жеке кәсіпкерлер тапқан табысын 1 пайызын ғана салыққа төлейді.

Дереккөз: inform.kz

21 қаңтар 2019, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.