Атырау, 29 наурыз 00:23
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

ІІМ Қарағандыдағы жағдай, Денис Теннің өлімі және полицейлердің реформасы жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

Бейнежазба
1 939 просмотра


Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасында тұңғыш рет сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Алмас Садубаев қазақстандық полицейлер, халықтың құқық қорғау органдары өкілдеріне деген сенімі мен полицейлердің реформасындағы өзгерістер жайлы сұрақтарға жауап берді. 

Сондай-ақ, ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың жұмыс күні мен министрдің 8 жыл бойы атқарған қызметіне тоқталды. Бұдан бөлек, Садубаев сұхбатында Қарағандыда болған оқиға, Денис Тен мен Ескендір Сүлейменовтің өліміне, таяуда жол апатына ұшыраған актрисаға қатысты пікір білдірді. 

"Азаматтар өздері дүрліктіріп жіберді деп ойлаймын. Бұл жағдайды тұрмыстық сипатта болды деп есептейміз. (...) Ерегіспен, ашумен болған төбелестің арты осындай қайғылы жағдайға апарды. Кез келген ұлт осы елдің заңына бағынса, ештеңе болмас еді. Ол жерде екі тарап та кінәлі (...)", - дейді Садубаев. 

Сонымен қатар, ІІМ ресми өкілі елімізде есірткімен күрес қалай жүргізіліп жатқаны, ұялы телефондарды тіркеу және WhatsApp-та жалған хабарламалар таратқандарға қатысты қолданылатын шаралар туралы айтып берді.

Дереккөз: Tengrinews.kz


19 қаңтар 2019, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.