Атырау, 3 мамыр 21:24
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Шоқындыру мерекесінде суға шомылғысы келгендерге аса маңызды ескерту жасалды

1 916 просмотра


Құтқарушылар Шоқындыру мейрамы қарсаңында дабыл қақты. Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар су қоймаларында мұздың жұқарып кеткенін айтып, халыққа Шоқындыру мейрамы кезінде суға шомылғанда абайлау керектігін ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Облыстың төтенше жағдайлар депаратменті мәліметіне сүйенсек, ауа температурасының көтерілуіне байланысты өңірдің су қоймаларында мұз жұқарып, қалыңдығы қауіпті шекке жеткен (жағалау сызығында 10 сантиметрден төмен).

"Осыған байланысты мерекелік шараларға қатысушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеміз. Арнайы бөлінген жерлерде ғана шомылу керек. Мұз үстінде топ болып жинақталуға, қоршаудан әрі қарай шығуға тыйым салынады, мұздағы адамдардың қозғалысын реттейтін полиция қызметкерлері мен құтқарушылардың нұсқауын міндетті түрде орындау керек. Әсіресе, балалар мен қарттарға мұқият болған жөн", — деп атап өтті ведомство.

Құтқарушылардың айтуынша, бұл қарапайым ережелерге құлақ аспаудың соңы қайғылы аяқталуы мүмкін.

Дереккөз: sputniknews.kz

19 қаңтар 2019, 13:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.