Атырау, 17 сәуір 03:48
 ашықВ Атырау +20
$ 448.81
€ 476.82
₽ 4.77

"Террористер қауіпті вирус таратып жатыр" Ақтау тұрғындарына жантүршігерлік хабар жетті

2 204 просмотра


Қазақстанда жалған ақпарат тарату үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. "Ислам мемлекеті" (ИМ, ИГИЛ – Қазақстанда, Ресейде және басқа бірқатар елде тыйым салынған террорлық ұйым) террористері халық арасында қауіпті вирус таратып жатқаны туралы мессенджер арқылы тараған хабар Ақтау тұрғындарының зәре-құтын алды, деп жазады "Актау-Лада".

Дауыс хабарламасы немесе жазба арқылы тараған ақпараттың мәтіні төменде:

"Ескерту! Кімде-кім "біз медициналық мектептенбіз, қандағы қант мөлшерін тегін тексереміз" десе, бас тартыңыздар. Бірден полицияға хабар беріңіздер. Олар — I.S.I.S террористері, олар қанға вирус енгізіп жүр. Отбасы және достарыңызға осы ақпаратты таратыңыздар", — делінген хабарламада.

Маңғыстау облысының полиция департаменті хабарламадағы ақпаратты теріске шығарып, жалған мәлімет деп атады.

Онда "фейк" ақпараттың бүкіл белгілері бар:

  • Нақты елді мекен немесе күн көрсетілмеген
  • Ақпараттың дереккөзі белгісіз
  • Ресми органдар растамаған

Бұдан бөлек, дәл осы хабар былтыр Астанада таратылған болатын.

Дереккөз: sputniknews.kz

19 қаңтар 2019, 13:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.