Атырау, 23 желтоқсан 22:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Ақмола облысында аудан әкімі мен оның орынбасары ұсталды

2 612 рет қаралды

Ақмола облысындағы Зеренді ауданының әкімі мен оның орынбасары сыбайлас жемқорлық күдігіне ілігіп, ұсталды. Бұл туралы мәліметті Tengrinews.kz тілшісіне Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінің өкілдері растады. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының қызметкерлері аудан әкімі Мереке Мұстафинді және оның орынбасары Ықылас Мұқашевті 17 қаңтарда ұстады. 

Ведомство өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр екен. Басқа да мәліметтер тергеу құпиялылығына байланысты жарияланбайды. 

Дереккөз: tengrinews.kz

18 қаңтар 2019, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.