Атырау, 23 сәуір 22:02
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Алматыда тікұшақ құлады

1 252 просмотра


Тікұшақ бортында ұшқыш қана болған, ол жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Алматыда жекеменшік тікұшақ апатқа ұшырады. Ақпаратты ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитеті растады.

Тікұшақ Наурызбай ауданы Таусамалы шағын ауданындағы "Алатау" демалыс орнының аумағында сағат 16:05-те құлаған.

"Sky Service әуекомпаниясының Еврокоптер-130 жекеменшік тікұшағы құлады, өртенген жоқ. 1968 жылы туған ұшқыш жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды", — деп мәлімет берді ТЖК.

Тікұшақ командирі Валентин Шитов қаза тапты, деп мәлімет берді азаматтық авиация комитеті. Апаттан кейін ер адам тірі болған.

Инвестиция және даму министрлігі көлік апаттарын тергеу департаменті оқиғаны тергеуді бастады. 

Тікұшақ Боралдайдан Үлкен Алматы көліне бара жатқан.

Дереккөз: sputniknews.kz

18 қаңтар 2019, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.