Атырау, 29 наурыз 01:15
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ресей министрі Қазақстанның латын әліпбиіне көшуіне қатысты пікір білдірді

2 200 просмотра


Лавров Қазақстанның латын қарпіне көшуінен орыс тілі қысым көрмейді деп есептейді. Мәскеудегі баспасөз конференциясында Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанның латын әліпбиіне көшуіне қатысты пікір білдірді.

"Біз Қазақстанмен өте жақсы қарым-қатынастамыз. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан – келіссөздер жиі өтетін алаңдардың бірі. Ел президенттері жылына бірнеше рет кездеседі, телефон арқылы тұрақты сөйлесіп тұрады және біздің Еуразиялық экономикалық одақтың қатысушысы ретінде бұл бірлестікті одан әрі нығайту туралы ойымыз бір жерден шығып жүр", — деді Ресей Сыртқы істер министрлігінің басшысы.

"Иә, Қазақстанда шешімдер қабылданып жатыр, атап айтқанда, қазақ тілін латын әліпбиіне көшірмек. Бұл біздің қазақ достарымыздың шешімі. Орыс тіліне қандай да бір қысым жасайтын, Қазақстанның орыстілді халқының құқығын шектейтін қандай да бір шешімді көріп отырған жоқпыз", — деп толықтырды Сергей Лавров.

Сонымен қатар, ол Ресей үшін көрші елдерде тұратын отандастарының құқықтары мен мүдделері басымдыққа ие екенін айта кетті. 

Дереккөз: sputniknews.kz

16 қаңтар 2019, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.