Атырау, 24 сәуір 09:44
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Қазақстандықтар 2018 жылы 58 мың жаңа автокөлік сатып алған

1 791 просмотра


Қазақстандықтар 2018 жылы 58 мың автокөлік сатып алған. «Қаз авто өндіріс» баспасөз қызметінің мәліметінше, 2018 жылы Республика бойынша 57 919  автокөлік сатылған. 

Олардың жалпы құны 496,6 миллиард теңгені құраған. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 35,8 пайызға жоғары. 2018 жылы қазақстандықтардың басым көпшілігі Ресейдің «Lada» маркалы (13 413) автокөлігін сатып алған. Екінші орында «Toyota» автокөлігі.

Былтырғы жылы 12 278 қазақстандық дәл осы марканы таңдаған. Үшінші сатыда «Hyundai» көлігі. Өткен жылы Республика бойынша 8 721 «Hyundai» автокөлігі сатылған. Автокөлік сатып алуда Алматы (15 524), Астана (10 438) және Атырау (4 285) қалалары көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарға Шымкент (3 775), Қарағанды (3 575), Қостанай (3 514), Орал (2 574), Өскемен (2 412), Ақтау (2 328), Ақтөбе (2 144) қалалары орналасқан. 

Дереккөз: "The Qazaq Times"

16 қаңтар 2019, 16:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.