Атырау, 22 ақпан 20:01
Түнде ашық-5, таңертең +1
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 375.95  € 425.80  P 5.74

​Инспектор өліміне қатысты браконьерлердің барлығы анықталды

16 қаңтар 13:51


«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Е. Нұрғалиевтің өліміне қатысы бар барлық браконьерлер анықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

«Аталған факті бойынша Қарағанды облыстық полиция департаменті Тергеу басқармасымен ҚР ҚК 99 бабы 2 тармағында көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні кешенді тергеу шараларының нәтижесінде аталған қылмысқа жасауға қатысы бар барлық тұлғалар анықталды. Қазіргі уақытта оларды ұстауға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қылмыскерлермен арадағы қақтығысқа қаза тапқан инспектордың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз», - деді Алмас Садубаев. 

Естеріңізге сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын 5 киік атқан браконьерлермен қақтығыста ауыр жарақат алған «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Ерлан Нұрғалиев 15 қаңтарда Астананың №1 ауруханасында қайтыс болған еді.  

Ал бүгін Парламент Мәжілісінде тілшілерге Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин  бұл істі Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров тікелей бақылауына алғанын айтты.

Дереккөз: inform.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

263 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

1 2 3 4