Атырау, 25 сәуір 14:22
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Кім болса да жауапкершілікке тартылады - Лукин инспекторды өлтіру жайлы

1 091 просмотра


Полиция инспекторды өлтірген күдіктілерді анықтады Қарағанды облысында браконьерлердің инспекторларға шабуыл жасау туралы ісін Бас прокурор Қайрат Қожамжаров өзінің жеке бақылауына алды. Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин осы істің аз уақытта ашылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Осы іске қатысты Бас прокурор өз бақылауына алды. Полиция департаменті аса ауыр қылмыс жасаған күдіктілерді анықтау және ұстау мақсатында жедел іздеу шараларын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, ІІМ орталық аппаратының қызметкерлер тобы Қарағанды облысындағы ПД жергілікті қызметкерлерге көмектесу мақсатында шықты. Таяу уақытта қылмыстың беті ашылып, кінәлі адамдар анықталып, қамауға алынатына сенімдімін", - деді Лукин Мәжіліс отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап беріп.  

"Тергеу көрсетеді. Адам өлімі- бұл қалай болғанда да қиын жағдай, отбасы үшін, барлығы үшін. Олардың кім болғанына қарамастан ҚР Қылмыстық кодексінің ең қатаң жазасымен жауапкершілікке тартылады", - деді ол.  

Осыған дейін, "Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнының браконьерлер шабуылынан зардап шеккен инспекторы оқиға жайлы айтып берді. Петр Ницык қылмыскерлермен текетірестің қалай өрбігені туралы айтқан видеосын Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Facebook желісіндегі парақшасында жариялады. Ол екінші инспектор Ерлан Нұрғалиев 15 қаңтарда таңертең қайтыс болғаны туралы хабарлады. 

Браконьерлердің инспекторлардың навигаторын алып кеткенін және боран кезінде олардың қайда екенін анықтау қиын болғанын айтты. Төтенше жағдайдан соң, инспекторлар 2,5 сағат бойы көмек күткен.  

"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны инспекторлары Петр Ницык пен Ерлан Нұрғалиев 2019 жылы 13 қаңтарда шамамен 18:00-де Қарағанды обылсы Нұра ауданына рейдке шыққан. Онда олар бес өлі киікті тапқан. Сонымен қатар, олар мемлекеттік туркеу нөмірі жоқ Toyota Land Cruiser маркалы екі автокөлікті байқап, біреуін тоқтату мүмкін болған.  Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 2-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру") бойынша іс қозғалып, күдіктілерді анықтау және ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. 

Дереккөз: tengrinews.kz

16 қаңтар 2019, 13:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.