Атырау, 29 наурыз 16:40
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Қазақстан халқының саны 18,37 миллионға жетті

1 833 просмотра


Қазақстан халқының саны 2018 жылдың 1 желтоқсанында 2017 жылғы көрсеткіштен 238,9 мың немесе 1,3% өсіп, 18 млн 376,2 мыңды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, есепті кезеңде қала тұрғындарының жалпы саны 10 млн 626,2 мыңға жетіп, жалпы халық санының 57,8%-ын құрады. Ал ауыл тұрғындары 7 млн 750 мың немесе 42,2% болды. Былтыр қаңтар-қараша айларында республикада 1 жасқа толмаған 2882 сәби шетінеген (2017 жылдың қаңтар-қараша айларында - 2896). 2018 жылдың он бір айында әр 1000 сәбидің 7,86-сы шетінеген. 

Сәбилер өлімінің негізгі себебі перинаталдық кезеңде туындаған жағдайлар болған. Соның салдарынан былтыр қаңтар-қараша айларында 1474 сәби (жалпы көрсеткіштің 51,1%-ы) шетінеген. 2018 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанға көшіп келгендердің саны алдыңғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 20,5% азайып, кеткендер саны 11,9% артқан. Елге келушілердің 78,6%-ы ТМД елдерінен келсе, кетушілердің 90,3%-ы Достастық елдеріне кеткен. 

Ел ішінде көшіп-қонушылардың саны 12,2% азайды. Өңіраралық көші-қонның оң сальдосы Шымкент (38 074 адам), Алматы (31 738) және Астана (17 617) қалаларының үлесіне тура келеді.

Дереккөз: inform.kz

16 қаңтар 2019, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.