Атырау, 19 сәуір 13:54
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Қазақстанда жаңа комитет құрылады

1 802 просмотра


Қазақстанда Тауар және қызмет көрсету қауіпсіздігі мен сапасын бақылайтын комитет пайда болады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

"Денсаулық министрлігінде тауар және қызмет көрсету қауіпсіздігі мен сапасын бақылайтын комитет пайда болады. Олар бақылау жүйесін атқарады: адам денсаулығына әсер ететін тауар мен қызмет көрсету қауіпсіздігі мен сапасы; медициналық қызмет көрсету сапасы; дәрі-дәрмек айналымы және медициналық өнімдер саласы, оның ішінде дәріханаларда жекелей сату бағасын реттеу тәртібін бақылау; халықтың санитарлық эпидемиологиялық жағдайн жақсарту саласы", - деді министр үкімет отырысында.  

Оның айтуынша, комитет жұмысын ұйымдастыру және өңірлік жасақтардың жұмысын реттеу шаралары 2019 жылдың сәуіріне дейін аяқталады.  Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында комитеттің құрылу керектігі туралы айтқан. Біртанов Мемлекет басшысының органның құрылысы жөнінде ұсынылған жобаны қолдағанын айтты. 

Дереккөз: tengrinews.kz

15 қаңтар 2019, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.