Атырау, 24 желтоқсан 00:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Маңғыстауда екі ер адамды атып кеткен

2 473 рет қаралды


Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында белгісіз біреулер екі ер адамды атып кеткен. Полиция екі күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Осыған дейін Желіде екі ер адамның ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілгені түсірілген видео таралған еді. Бұл оқиға 14 қаңтарда болған. Полициядағылардың мәліметінше, шамамен кешкі сағат 20.10-да облыстық ауруханаға оқ жарақатын алған екі ер адамның түскені жайлы хабарланған. Олар есін жимастан көз жұмған. 

"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша тіркелді. Екі күдікті ұсталды, қалған күдіктілер анықталды. Енді оларды ұстау бойынша шаралар қолданылып жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. 

"Жүрегі нақты қай уақытта тоқтағанын анықтау мүмкін болмағандықтан, дәрігер оларды жедел түрде тірілтпекші болды. Амал не, олардың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.


Дереккөз: tengrinews.kz

15 қаңтар 2019, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.