Атырау, 27 сәуір 09:14
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​Шымкентте 9 жасар қызды зорлады деп күдікке ілінген азамат ұсталды

2 378 просмотра


Шымкентте 9 жасар қызды зорлап кеткен күдікті ақыры ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«ІІМ мен Шымкент қалалық ПД қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында 5 қаңтар күні кәмелет жасына толмаған жасөспірімді зорлады деген күдікті ұсталды. Сезікті Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Шымкент қаласының жедел-тергеу тобының кәсібилігі мен үйлесімді жұмысының арқасында қысқа мерзім ішінде күдікті қолға түсті. Полиция қызметкерлері ізін суытпай қылмыстың хронологиясын құрып, күдіктінің ізіне түсті. Ұсталған азаматтың қылмысқа қатыстылығы куәлардың және жәбірленушінің айғақтарымен расталады. Тергеу амалдары жалғасуда.  Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды» делінген Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте иесіз үйлердің бірінде 9 жасар қызды белгісіз біреу зорлап кеткен болатын. Аталған қылмыс жасөспірім қыздың жаттығудан үйіне қайтып келе жатқан сәтінде болған. Артынша қылмыскерді ұстауға полицейлермен қатар жергілікті тұрғындар атсалысқан еді. Кейіннен полицейлер сезіктінің тұлғасын анықтау мен іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлаған.  

Дереккөз: inform.kz

15 қаңтар 2019, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.