Атырау, 22 ақпан 20:25
Түнде ашық-5, таңертең +1
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 375.95  € 425.80  P 5.74

Браконьерлер соққыға жыққан инспектордың жағдайы ауыр - ҚР АШМ

14 қаңтар 17:56


Қарағанды облысында браконьерлердің соққысына жығылған «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторының жағдайы өте ауыр. Бұл туралы бүгін ҚР АШМ ресми өкілі Сәкен Қалқаманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Оның айтуынша, инпекторлар Нұра ауданының аумағында автомобильдердің жаңа түскен ізін көрген. Браконьерлерді іздеу барысында инспекторлардың бір көлігі қарға батқан. Екінші көліктегі инспекторлар П.Ницык пен Е.Нұрғалиев браконьерлерді қуғындауын жалғастырған. Олар екі «Тойота Лэнд Крузерді» қуып кеткенде көлікте отырған браконьерлер инспекторларға қару кезеніп қорқытқан. Бұл әрекетке жауап ретінде инспекторлар ескерту оғын әуеге атқан. 

«Инспекторлар көліктердің бірін тоқтатқан кезде одан үш адам шығып, қарсылық көрсеткен. Олар П.Ницык пен Е.Нұрғалиевті соққыға жыққан. Сонымен қатар олар инспекторлардың көлігінің кілті мен GPS құрылғыларын алып кеткен. Осы әрекеттері арқылы олар инспекторларды өлім ауызында қасақана қалдырған. Ницык бірінші есін жиып, ес-түссіз жатқан Нұрғалиевті көрген. Содан кейін радио арқылы екінші экипажға хабар берген», - деді Сәкен Қалқаманов. 

Оның дерегінше, П.Ницык пен Е.Нұрғалиев Астана қалалық №1 ауруханаға жеткізілген. Нұрғалиев ес-түссіз жатыр. Жағдайы өте ауыр. Естеріңізге сала кетсек, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторларының бірі Қарағанды облысының аумағында браконьерлердің соққысынан қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.

Дереккөз: inform.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

333 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

1 2 3 4