Атырау, 20 сәуір 12:20
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Ирандағы ұшақ апатынан зардап шеккен қазақстандықтың бар-жоғы анықталуда - СІМ

1 685 просмотра


Иранда 14 қаңтар күні Қырғызстаннан ұшып шыққан Boeing 707 жүк ұшағы құлады. Бішкектегі "Манас" әуежайының баспасөз хатшысы Әлия Құрбанованың хабарлауынша, ұшақ ирандық компанияға тиесілі болған және ол Қырғызстаннан Иранға чартерлік рейспен ұшқан.

Құрбанованың сөзінше, ұшақ 14 қаңтар күні сағат 7:16-да "Манас" әуежайынан "Тегеран түбіндегі Пайам әуежайына ұшып кеткен.

Ұшақ апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы әзірге ресми расталған мәлімет жоқ. Reuters агенттігінің Иранның мемлекеттік телеарнасына сілтеме жасап хабарлауынша, ұшақ Тегеранның батысында ауа-райының нашарлығынан құлаған. Әрқилы мәлімет бойынша, ұшақта кем дегенде тоғыз адам болған.

ҚР СІМ де бұл апаттан зардап шеккен Қазақстан азаматының бар-жоғы әлі анықталмағанын айтты.

«Қазақстанның Ирандағы елшілігінің ақпараты бойынша, Тегеран маңында апатқа ұшыраған Boeing 707 ұшағының бортында қазақстандықтар туралы ақпарат әлі жоқ. Біздің дипломаттар Иран құзырлы органдарымен және Ирандағы Қырғызстанның елшілігімен байланыста. Нақтыланған ақпарат қосымша беріледі», - делінген министрліктің баспасөз қызметінің Телеграмдағы каналында.

Дереккөз: baq.kz

14 қаңтар 2019, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.