Атырау, 14 қаңтар 03:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Никол Пашинян Армения премьер-министрі болып тағайындалды

2 003 рет қаралды


Армения президенті Армен Саркисян дүйсенбіде, жаңа парламенттің бірінші күнгі отырысында үкімет басшысы міндетін уақытша атқарушы Никол Пашинянді елдің премьер-министрі етіп тағайындады, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі. 

«Конституцияны басшылыққа ала отырып, Никол Пашинян Армения Республикасының премьер-министрі болып тағайындалсын», - делінген президенттің жарлығында. 

Армения конституциясына сәйкес, ел президенті жаңадан сайланған Ұлттық жиналыстың уәкілеттік мерзімі басталғаннан кейін парламентте көпшілік ұсынған үміткерді премьер-министр етіп тағайындайды.

Министрлер кабинеті премьер тағайындалғаннан кейін он бес күн ішінде құрылады. Бұдан кейін үкімет басшысы 20 күннің ішінде Ұлттық жиналысқа министрлер кабинетінің бағдарламасын ұсынуы тиіс. 

Дереккөз: inform.kz

14 қаңтар 2019, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.