Германияның сегіз әуежайында қауіпсіздік қызметінің жұмысшылары ереуілге шықпақ ниетте. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, наразылық акцияның кесірі шамамен 180 мың жолаушыға тиюі мүмкін.
Белгілі болғандай ереуіл түнде басталып күні бойы жалғасады. Германияның «Верди» қызметінің кәсіподағы өзінің 160 мың қызметкеріне жалақы төлеуді талап етеді. Мәселен, қазір олардың еңбекақылары жұмыс істеп жатқан аймағы мен қызметіне байланысты төленіп жатыр.
Бұған дейін де бірнеше әуежайда дәл осындай ереуілдер ұйымдастырылғанда 500 әуе рейсі кейінге шегеріліп, 110 мың жолаушы уақытында діттеген жеріне жете алмай қалған болатын.
Дереккөз: 24.kz