Атырау, 24 сәуір 08:06
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Браконьерлер Қарағанды облысында инспекторды өлтірген

1 770 просмотра


Қылмыс үстінде ұсталған браконьерлер инспекторды өлтірген. Бұл туралы ҚР АШМ орман шаруашылығы және жыртқыштар әлемі комитеті баспасөз қызметінің өкілі Сәкен Ділдахмет мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны инспекторлары 2019 жылы 13 қаңтарда шамамен 18:00-де Қарағанды обылсы Нұра ауданына рейдке шыққан. Онда олар бес өлі киікті тапқан. 

Сонымен қатар, олар мемлекеттік туркеу нөмірі жоқ Toyota Land Cruiser маркалы екі автокөлікті байқап, біреуін тоқтату мүмкін болған.  

"Тексеру кезінде белгісіз адамдар тарапынан қарсылық көрсетілген. Нәтижесінде бір инспектор дене жарақатын алып, жағы сынған, ал екінші инспектордың миы шайқалып, комада жатқан. Дәрігерлер оның өмірі үшін барын салып күрескен, алайда аман алып қалу мүмкін болмаған. Оқиға орнына құқық қорғау органдарының жедел тобы жіберілді", - деді Ділдахмет Facebook желісіндегі парақшасында.  

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 2-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру") бойынша іс қозғалып, күдіктілерді анықтау және ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. 

Дереккөз: tengrinews.kz

14 қаңтар 2019, 12:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.