Атырау, 24 желтоқсан 00:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Енді Қазақстанда пойыз билетін қайтарған кезде айыппұл салынбайды

2 133 рет қаралды


Алайда бағасы 3500 теңгеден асатын билеттер үшін комиссиялық алым сол күйі қалады. 15 қаңтар, яғни ертеңнен бастап Қазақстанда құны 3500 теңгеге дейінгі пойыз билетін қайтарғаны үшін 1000 теңге мөлшерінде айыппұл салынбайды. "Жолаушылар тасымалы" АҚ халықтың өтінішімен осындай жаңашылдық енгізіп отыр, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан. 

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, осы жылдың 15 қаңтарынан бастап пойыз билетін қайтарғаны үшін 1000 теңге мөлшерінде айыппұл салынбайды. Алайда бұл ереже бағасы 3500 теңгеден аспайтын билеттерге ғана қатысты. Ал 3500 теңгеден асатын билетті қайтарған кезде комиссиялық алым сол күйі қалады. 

Аталған шешім жолаушылар тарапынан түскен өтініштерден кейін қабылданған. 

Дереккөз: sputniknews.kz

14 қаңтар 2019, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.