Атырау, 19 сәуір 21:14
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​ҰҚК арнайы операциясы: Алматыда шетелдіктер теракт жасауға дайындалды деген күдікпен ұсталды

Бейнежазба
1 987 просмотра


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Қазақстанда теракт жасауға дайындалды деген күдікпен ұсталғандардың видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің сайтына сілтеме жасап. 

"2019 жылдың 10 қаңтарында Ұлттық қауісіпзік комитеті Алматы қаласындағы арнайы операция барысында Орталық Азиядан келген шетелдік азаматтарды ұстады, олар Қазақстанда теракт жасауға дайындалды деген күдікке ілінді", - делінген видеоролик сипаттамасында. 

Тергеу нұсқасы бойынша, ұсталғандар ДАИШ содырларының тапсырмасын орындап, олардың жетекшілігімен әрекет еткен. Олардан жарылғыш заттарға қолданылатын құралдар табылған. Ұсталғандар Алматының адамдар көп жүретін жерлерінде қарушы шабуыл жасамақ болған. Тергеу шаралары жүріп жатыр.


Дереккөз: tengrinews.kz

14 қаңтар 2019, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.