Атырау, 20 сәуір 10:49
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Талдықорғанда оқушылар Smart аялдаманы тонап кетті

1 191 просмотра


Мектеп оқушыларының ата-аналары әкімдікке келу керек. Әйтпесе, құқыққорғау органдарына жүгінуге тура келеді.

Талдықорған қаласының әкімдігіндегі қызметкерлер тұрғындардан жаңа Smart аялдамадан қуаттағыш құрылғыны суырып алып кеткен үш оқушыны табуға көмектесуді сұрады. Видео әкімдіктің Facebook парақшасында жарияланды.

Оқушылар 8 қаңтар күні Самал ауданындағы аялдамадан қуаттағыш құрылғыларды алып кеткен.

«Оқушылар дөрекі түрде Самалдағы жаңа Smart аялдаманың қабырғасына ілінген сегіз гаджетке арналған қуаттағыш құрылғыларды суырып алды. Бала емес, тонаушылар!» - делінген видеоның астындағы жазбада.

Оқушылардың ата-аналарына әкімдікке келу туралы өтініш айтылды. Олай болмаған жағдайда әкімдік қызметкерлері құқыққорғау органдарына шағымданбақ.

Дереккөз: baq.kz

14 қаңтар 2019, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.