Атырау, 20 қараша 06:19
Таңертең бұлыңғыр болады0, күндіз -1
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 387.16  € 428.47  P 6.08

​Тегін дәрі-дәрмек: 1439 байланыс орталығы жұмыс істейді

11 қаңтар 14:38


Бүгінде 2019 жылға арналған тегін берілетін дәрі-дәрмектердің 90% сатып алынды. Бұл туралы «СК-Фармация» ЖШС басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Үстіміздегі жылға арналған дәрілік препараттардың 90% сатып алынып, бүгінде еліміз бойынша қоймаларға жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Келесі аптадан бастап дәрілер емханаларға түсе бастайды. Биыл жалпы сомасы 23 млрд теңгеге есептелген дәрі-дәрмек алынды. Сондықтан тегін дәрі бойынша тапшылық мәселесі болмайды, бастысы оның дұрыс жеткізілуі», - деді Берік Шәріп ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, 2019 жылы тегін қамтамасыз ету үшін сатып алынған дәрі-дәрмектің тізімі 1144 құрайды. Оның ішінде, 45 ауру түрі бойынша диспансерлік есепте тұрған  пациенттердің еміне 421 дәрі-дәрмек белгіленді. Одан бөлек, Б.Шәріп халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қатаң бақылауға алынатынын атап айтты. 

«Халықты тегін дәрілермен қамтамасыз ету бойынша 1439 байланыс орталығы жұмыс істейді. Ол арқылы кез-келген азамат дәрі-дәрмекті жеткізу мерзімі, көлемі және жоспарланған күні туралы ақпаратты біле алады. Сол сияқты SMS жүйесі бар, ол арқылы пациент тиісті дәріні уақытында алған немесе алмағаны туралы ақпарат бере алады», - деді ол. 

Бұған дейін, елімізде дәрі-дәрмек бағасының қалай реттелетіні туралы хабарлаған болатынбыз.

Дереккөз: inform.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

837 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3