Атырау, 20 сәуір 17:14
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгі шахматшылардың әлемдік рейтингінде көш бастады

2 438 просмотра


Жансая кішкентай күнінен шахмат ойнайды, 14 жасында Қазақстанның ең жас гроссмейстері атанды. 

Қазір он сегізге толған бойжеткеннің қоржыны республикалық және халықаралық турнирлердің жүлделерімен толған. 

«Мен үнемі ойынға барымды салуға тырысамын. Осы күнге жеткізген ата-анамның, бапкерлерімнің алдында борыштымын. Иә, бұл - жақсы нәтиже, бірақ тоқмейілсуге болмайды. Мен үшін ең бастысы - күн сайын кешегіге қарағанда жақсырақ ойнау», - дейді жас спортшы.

2018 жылдың қарашасында ересектер арасындағы әлем чемпионатында дебютін тойлаған Жансая Қазақстан шахматы тарихында ширек финалға шыққан алғашқы спортшы болды. 

Ал желтоқсан айында рапид және блиц бойынша өткен әлем чемпионатында әйелдер арасында жылдам шахматтан 6-орынды иеленді.

Дереккөз: inform.kz

11 қаңтар 2019, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.