Атырау, 24 желтоқсан 06:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Нью-Йорк тұрғыны 10 мың доллары бар сөмкені тауып алып, оны қазақстандық әйелге қайтарды

Бейнежазба
1 414 рет қаралды


Нью-Йорк тұрғыны ішінде 10 мың доллары болған сөмкені жоғалтып алған қазақстандық Айя Төлемағанбетоваға ақшасын қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CBS New York басылымына сілтеме жасап. 

Қазақстандық әйел сөмкесін желтоқсанда метрода жоғалтып алған екен. Басылымның мәліметінше, әйел ол ақшаға балаларына жаңажылдық сыйлықтар алмақшы болған. Нью-Йорк тұрғыны сөмкені метродағы платформалардың бірінен тауып, оның иесін іздестіре бастаған. Сөйтіп ол қазақстандық әйелді 10 қаңтарда бір-ақ тапты.

"Ричард - өте адал адам, ол менің Америка Құрама Штаттарындағы адамдардың өмірі жайлы түсінігімді өзгертіп жіберді", - дейді сөмкенің иесі Тулемағанбетова. Қазақстандық әйел ондағы мың доллар ақшаны балаларға қайырымдылыққа жұмсаса, Ричард Тавернге "Алтын адамның" мүсіншесін сыйлады.


Дереккөз: tengrinews.kz

11 қаңтар 2019, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.